Бел ортасында [ортасы].

lat: Bel ortasynda [ortasy].

а) Кісі жасының белгілі шамасының, белгілі бір мүшел жастың орта тұсы.

Мұстафа әкесі Мәулен - тоқсанның бел ортасына шыққан қуатты шал («Лен. жас»).

Үй иесі отыздың бел ортасына келген қыр мұрынды, ат жақты, қою қара қасты, қара торы сымбатты келген жігітті колхоз шеберханасының қарапайым ғана жұмысшысы деп ойламайсың (С.Сарғасқаев, Сұлу-төр.).